Covid-19: Атырауда індеттен айыққандар саны 83-ке жетті
Covid-19: Атырауда індеттен айыққандар саны 83-ке жетті
Өңірде коронавирус инфекциясынан айығып шыққандар саны 83 адамға жетті, – деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.
Теңіз кен орнының 41 жастағы қызметкері инфекциялық стационардан емделіп шықты.
Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен.
Осылайша Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 83 адамға жетті. Ал қауіпті індетті жұқтырғандар саны – 240.