Отанға қызмет ету – мәртебелі міндет
Отанға қызмет ету – мәртебелі міндет
Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Қарулы Күштер басшылығы о бастан халықаралық әскери әріптестікке, басқа елдер армияларымен өзара іс-қимылға және тәжірибе алмасуға көп көңіл бөлді. ТМД мемлекеттерімен әріптестікке Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт, сондай-ақ қорғаныс сипатындағы жекелеген мәселелер бойынша екіжақты келісімдер негіз болды. Көршілермен татулықта өмір сүруге, дау атаулыны соғыс алаңында емес, үстел басында отырып шешуге үндеген Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде бүгінде әлемдік қауымдастықта Қазақстанның беделі биік, абыройы асқақ. Жаһанды жайлаған коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстанның Қарулы Күштері Отанға қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетті. Көрінбейтін жаумен күрестің алғы шебінде ақ халаттылармен қатар жүрген әскери қызметшілершілердің қажырлы еңбегі ел тұрғындарының Армиямызға құрметін еселеді. Отан қорғауды мәртебелі қызмет санайтын жастардың қатары да арта түскені анық.