Отанға қызмет ету – мәртебелі міндет

Отанға қызмет ету – мәртебелі міндет

Отанға қызмет ету – мәртебелі міндет
ашық дереккөзі
1992 жылы 7 мамырда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Ел Армиясының құрылған күні ретінде тарихқа енген сол күннен бастап халықаралық аренада егеменді ел ретінде мәртебеміз айқындалды. Шекарамыздың бүтіндігін қорғайтын құрыш қалқанымыз бар екенін алыс-жақынға тегіс ұқтырдық. Соның арқасында Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықтың мекеніне айналды. Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Қарулы Күштер басшылығы о бастан халықаралық әскери әріптестікке, басқа елдер армияларымен өзара іс-қимылға және тәжірибе алмасуға көп көңіл бөлді. ТМД мемлекеттерімен әріптестікке Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт, сондай-ақ қорғаныс сипатындағы жекелеген мәселелер бойынша екіжақты келісімдер негіз болды. Көршілермен татулықта өмір сүруге, дау атаулыны соғыс алаңында емес, үстел басында отырып шешуге үндеген Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде бүгінде әлемдік қауымдастықта Қазақстанның беделі биік, абыройы асқақ. Жаһанды жайлаған коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстанның Қарулы Күштері Отанға қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетті. Көрінбейтін жаумен күрестің алғы шебінде ақ халаттылармен қатар жүрген әскери қызметшілершілердің қажырлы еңбегі ел тұрғындарының Армиямызға құрметін еселеді. Отан қорғауды мәртебелі қызмет санайтын жастардың қатары да арта түскені анық.