Ғылымға арналған ғұмыр

Ғылымға арналған ғұмыр

Ғылымға арналған ғұмыр
ашық дереккөзі
Ұстаздық пен ғылыми өмірді серік еткен қазақ қыздарының бірі – психология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атын­дағы қазақ ұлттық университетінің профессоры Майра Қабақова. Көптің тілін табар көпшілдігімен, жақсы істерге ұйытқы болар ұйым­дастырушылық қабілетімен, студенттер ал­дында терең білімділігімен көзге түсіп, бе­делге ие болған ғалым-ұстаз бұл күндері өмірдің бір есепті белесіне шығып отыр. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр­дың басында білім беруді ізгілендіру мен гуманитарландыру үрдістері кеңінен енгізіле бастады. Майра Қабақованың пси­хо­логиялық мамандығында меңгерген тео­риялық және практикалық білімі  мемлекет та­рапынан қойылған мәселелерді ғылыми-қол­данбалық және әдістемелік тұрғыда жан­дандыруға мүмкіндік берді. Ол өзінің алған білімін Қарағандыда ашылған жаңа ғы­лыми сала, психология ғылымының дамуында қолдана білген маман. Майра 1989-1990 оқу жылдары 3-курс студенті болып жүргенде сол кез­дегі ҚарМУ-дың «психология» ка­фед­­ра­сы­ның меңгерушісі психология ғылым­да­ры­ның докторы, профессор С.Жақыповтан ша­қыру-ұсыныс алған. Ол өзінің алған білі­мін тұлғаның әлеуметтік ортада дамуы мен қалыптасу мәселелеріне бағыттау  тұр­ғысынан қарастыруға арнаған. Майраның не­гізгі ғылыми бағыттары – әлеуметтік пси­хология, отбасы мен неке психологиясы мә­селелері, гендерлік, этностық, әскери пси­хология, қарым-қатынас және басқару пси­хологиясы мен әлеуметтік-пси­хо­ло­гиялық тренинг, тағы басқа өзекті салалар бол­ды. Жас маман алғаш рет қазақ ауди­ториясында қазақша психологиялық тре­нинг­тер өткізді. Жас ғалым-ұстаз ұйым­дас­ты­ру­шы­лық қабілетімен оқу орнында бол­ған барлық ғылыми, мәдени, спорттық, әдіс­темелік және тәжірибелік психологияда не­гізгі ұйытқы бола біліп көзге түсті. Майраның еңбек жолының екінші кезеңі – 1998-2001 жылдар. Алма­ты қаласындағы Абай атындағы мемле­кет­тік университеттің теориялық және қол­дан­балық психология кафедрасының аға оқы­тушысы ретінде жалғасын тапты. Ал 2002 жылдан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ эт­никалық және педагогикалык психология ка­федрасында аға оқытушылықтан бастап, ка­федра меңгерушісі қызметін аса жауапты дә­режеде атқарды. Бүгінгі күндері про­фес­сорлық лауазымда қызмет етуде. 2005 жылы алғаш рет Болгариядағы Св. Климент Охридский атындағы Со­фия университетімен байланыс құрды. 2006 жылы оның ұйытқы болуымен ҚазҰУ-де психология мамандықтары үшін PhD докторантура ашылды. 2005-2007 жылдары «Ювеналдық юстиция» бойынша халықара­лық жобада психолог-кеңесші болды. Оның 250-ден астам жарияланым­дары бар. Оның ішінде «Психологи­чес­кие методы исследования семьи» (2007), «Психология семьи и брака: теория и прак­тика» (Германия, 2012), «Практическая пси­хология. Сборник кейсов» (2014), «Пси­хо­логия семьи и брака» (2014), Psychology of Marriage and Family (2018) оқу құралдары. «Психологические аспекты стабилизации супружеских отношений» (2015), «Пси­хологические особенности казахской се­мьи» (2018), Psychological aspects of marital relationships stabilization  (2018), «Жұбайлық қатынастардың тұрақтануының психо­ло­гиялық аспектілері» (2019) атты моног­ра­фиялары және Томсон Рейторс, Скопус база­лары мен басқа ККСОН басылым­дарын­да мақалалары жарыққа шыққан. Со­нымен қатар халықаралық, респуб­лика­лық, аймақтық конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинар-тренингтерде ұйым­дастырушылық және басқарушылық іс-әрекетімен аянбай еңбек етіп жүр. М.Қабақова бүгінгі таңда ҚазҰУ Философия және саясаттану фа­куль­­тетінің ғылыми-әдістемелік жұмысын бас­қарады. Жас ғалымның осы еңбектеріне көз жүгірте отырып, оның бойынан еңбек­қорлықты, ізденімпаздықты, ғылым-білімге деген құштарлығын және үлкен парасатты жан екенін көруге болады. Ол өзінің осы қасиеттері негізінде еңбек орта­сында, құрбы-құрдастарының, студенттер­дің алдында сыйлы, мәртебелі жан деп біле­міз.  

Б.ӘМІРОВА,

Е.Бөкетов атындағы 

ҚарМУ профессоры