Ресейдің мәдениет министрінен коронавирус анықталды

Ресейдің мәдениет министрінен коронавирус анықталды

Ресейдің мәдениет министрінен коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды РИА Новости.  Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство басшысының ауруы жеңіл түрде өтіп жатыр. Ольга Любимова қашықтан жұмыс істеп, кездесулерін видеоконференция форматында өткізуде. Еске сала, бұған дейін Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустиннен де коронавирус анықталған болатын. Соңғы дерек бойынша, Ресейдің 85 өңірінде індет жұқтырудың 177 160 дерегі тіркелген. Өткен тәулікте қатерлі вирус 11 мыңнан астам адамнан анықталған. Сондай-ақ, бір күн ішінде 88 адамның көз жұмғаны хабарланды. Осылайша елде коронавирус құрбандарының жалпы саны 1625-ке жетті.