Есболат Дүйсенов: Сұм соғыстың сызы санадан өшкен жоқ
Есболат Дүйсенов: Сұм соғыстың сызы санадан өшкен жоқ
Адамзат тарихы он бес мыңнан астам үлкенді-кішілі, әлемдік деңгейдегі қиян-кескі соғысты бастан кешірген. Соның ішінде қамтыған аумағы, зіл-ауыр салмағы жағынан теңдесі жоқ екінші дүниежүзілік соғыс. Бұл ұзын-ырғасы 1 418 күн мен түнге созылған алпауыт соғыс болды. Осы шайқас та орта есеппен бір тәулікте 14 104 Кеңес үкіметі кезіндегі адамдарының өмірі қиылғандығын көз алдымызға елестетудің өзі аса ауыр жағдай. Қаншама халықтың қарғысына қалған, соғыс ананы баласынан, ағайынды бауырынан айырып, мыңдаған жауынгерлерімізді жер жастандырды. Әрбір сағат сайын бес жүзден аса адам опат болғандығын майдангер аталардың әңгімесінен, жазған жазбаларынан естіп, оқып жүрген ұрпақпыз.
Бүгінгі қазақстандық, кешегі Кеңес Одағының құрамдас бөлігі жауынгерлері сол соғысқа қасық қандары қалғанша жан аямай қатысып, келешек ұрпаққа бүгінгі бақыт таңын сыйлаған еді. Соғысқа дейін қазақ елінде 6,2 млн. адам болса, 1941-1945 жылдары майдан даласына 1,2 млн. жауынгер аттанған. Бұл әрбір бесінші қазақстандық басқыншы жаумен алысты деген сөз. Әскери комиссариаттар арқылы 700 мың адам еңбек армиясына жөнелтілді. Республика тұрғындарының 24 пайызы немесе әрбір төртінші тұрғын майдан даласына және қорғаныс құрылыстарына ат салысты. Зұлмат соғыстың зардабынан Отанымызды, қала берді дүние жүзін қорғауда қазақстандықтардың үлесі зор болды.
Соның ішінде, бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласынан, кешегі ақмолалықтардың да жан қияр ерліктері мен еңбектері өлшеусіз. Қан майданға Ақмола облысынан 63 мыңнан астам адам Отан қорғауға аттанып, солардың 33 950-і қайтып оралмағандығы – өзекті өртейтін өкініш. Бүгінгі қазақстандық, кешегі Кеңес Одағының құрамдас бөлігі жауынгерлері сол соғысқа қасық қандары қалғанша жан аямай қатысып, келешек ұрпаққа бүгінгі бақыт таңын сыйлаған еді. Соғысқа дейін қазақ елінде 6,2 млн. адам болса, 1941-1945 жылдары майдан даласына 1,2 млн. жауынгер аттанған. Бұл әрбір бесінші қазақстандық басқыншы жаумен алысты деген сөз. Әскери комиссариаттар арқылы 700 мың адам еңбек армиясына жөнелтілді. Республика тұрғындарының 24 пайызы немесе әрбір төртінші тұрғын майдан даласына және қорғаныс құрылыстарына ат салысты. Зұлмат соғыстың зардабынан Отанымызды, қала берді дүние жүзін қорғауда қазақстандықтардың үлесі зор болды.
Соның ішінде, бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласынан, кешегі ақмолалықтардың да жан қияр ерліктері мен еңбектері өлшеусіз. Қан майданға Ақмола облысынан 63 мыңнан астам адам Отан қорғауға аттанып, солардың 33 950-і қайтып оралмағандығы – өзекті өртейтін өкініш.
Тек Ақмола қаласының өзінен соғысқа 14 723 адам аттанған. Өкінішке қарай,
7 414 жерлесіміз қайтып оралмады. Ақмолада 3-атқыштар дивизиясы және 106 атты әскери дивизиясы жасақталып соғысқа аттанған. Осында даярланып, майданға аттанған атқыштар және атты әскер дивизиялары қанқұйлы шайқаста ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Ақмола құрамаларының әскери жолы 1941 жылы Москва түбіндегі қиян кескі шайқастан бастау алып, 1945 жылы мамыр айында Берлинде аяқталды.
Екінші жаһан соғысы әрбір қазақстандық пен КСРО халықтарының адам төзгісіз азапқа шыдамдылығын, кеңес жауынгерлерімен офицерлеріне тән беріктік пен ерлікті талап етті. Тыл еңбеккерлері тілмен айтып жеткізгісіз ауыр да азапты еңбекті атқара жүріп, жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты. Фашистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасасымен барлық жерлердегі сияқты Ақмола өңірінде жаумен шайқаста бүкіл еңбекшілерді жұмылдыру мақсатында «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» ұраны кеңінен өріс алды. Ақмола облысынан және солтүстік өңірлерден шақырылған кілең сайдың тасындай жауынгерлер соғыс тәсілдерінің алғашқы «әліпбиін» осы Ақмолада меңгерді. Жерлес жауынгерлеріміз Москва түбіндегі қиян кескі шайқасқа қатысып ерен ерліктерімен көзге түсіп, аттарын тарихта қалдырды. Ленинград қаласын қорғауға, Курск дугасында, Украина, Белоруссия, Молдавия, Балтық жағалауындағы Республикаларды, Европа халқын фашистерден азат етуге қатысты. Ақмоладан алғашқылардың қатарында ел қорғауға аттанған Никита Митчекоға 1942 жылғы 21 шілдеде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Мұндай атаққа соғыстың алғашқы жылдарында жерлестеріміз Георгий Игишев пен Николай Ястребинскилер де ие болды. Ал жеңісті жолдар жалғаса түскен 1944 жылда бес бірдей ақмолалық жауынгер Кеңес Одағының батыры атанды. Олардың қатарында Алексей Куница, Виктор Малышев, Юрий Гуров, Дмитрий Степанов, Талғат Бигелдиновтер болғандығын көзі ашық, көкірегі ояу жандар жақсы біледі. Ер жүрек ұшқыш жерлесіміз Талғат Бигелдиновке бұл атақ 1945 жылы екінші мәрте берілді. Дүние жүзінде Рейхстахқа ту тігіп соғыстың аяқталғанын паш еткен халық қаһарманы ақмолалық Рахымжан Қошқарбаевтың ерен ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.
Неміс–фашист басқыншыларын діңкелете қуа отырып, оларды өз ұяларында талқандауда ерлік пен батылдықтың қайталанбас үлгілерін көрсеткен Юрий Казаков, Алексей Петров, Александр Рашупкин, Сағадат Нұрмағамбетов, Әлмұхан Сембинов, Николай Зверев, Михайл Сальников, Федосий Ганустер – Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған даңқты жерлестеріміз. 1941-1945 жылдары Ақмола қаласынан 11165 тыл еңбеккері «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.» медалімен марапатталды. Ерлік жалынды жүректе, көкіректе мәңгілікке сақталып қалады екен. Мен өз басым осы қаһармандарымыздың есімін үнемі үлгі етіп айтудан жалыққан емеспін. Ақмолалықтар үшін әрбір жауынгер, офицер, біздің туған топырағымызда өсіп-өнген жерлестеріміз - бізге өте қымбат. Бүгінгі күні өкінішке қарай қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатқан соғыс ардагерлері жылдан жылға азайып барады. Бүгінгі күні қалада 52 соғыс ардагері тұрып жатыр. Оның ішінде соғыстың алдыңғы күндерінен бастап қатысып, ерлік көрсеткен, елді қорғаған Нұрмахан Алпысбеков, Нұршида Ахметова, Александр Бабичев, Байкен Айдархан, Рзағұл Байкешов, Ахат Бекмади, Раиса Максименко, Сиқымбай Мамыров, Абдурахман Сафаров, Александр Торкин және басқалары бар.
Кейінгі ұрпаққа жалғасқан, жаныңды тұз құйғандай ашытатын қайғысы мен қасіреті жазылмас жара қалдырған қан майдан болды бұл. Бұл 27 млн өмірді үзіп кеткен сұм соғыс. Осы бір ауыз сөздің астарында қаншама тағдыр, жоғалған денсаулық, аналар мен әйелдердің көз жасы, жалғыздықтың тақсіреті жатыр. Бәрін тегіс толықтай тауысып, сарқып айта алмай жатқанымыз ақиқат. Тіпті 75 жыл өтсе де қан майданның бізге хабарсыз кеткен қазақ жауынгерлерінің есімін күні бүгінге дейін жаңғыртып жатқандығы болса, ол – тарих. Әрбір адам жайлы айтылған естелік – жеке адамның ғана ғұмырбаяны емес, халықтың тағдыры.
Жеңіс мерекесі ешқашан немқұрайлылықпен өткізілетін мереке емес, бұл шын мәнінде ерлік дәстүріне қалтқысыз қызмет көрсетуді талап ететін, кейінгіге үлгі-мысал ретіндегі, қыршынынан қиылған отандастарымызды еске алатын айтулы шара. Қазіргі елдегі қиын жағдайға байланысты салтанатты Жеңіс мерекесі қаламыздың орталық алаңында өкінішке қарай, аталып өтілмейтіндігін ел жақсы біледі. Бірақ Жеңіс күнін бізге сыйлаған, жақындатқандардың есімдері мен ерен ерліктері ешқашан көлеңкеде қалған емес, қалмайды да.
Біз Ардагерлер кеңесінің мұрындық болуымен, Жеңістің 75 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола өңірінен шыққан Кеңес Одағы Батырлары мен қазіргі көзі тірі 44 Ұлы Отан соғысы майдангерлерінің, арамызда жүрген тыл ардагерлері жайлы жазылған үлкен еңбек дайындадық. «Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмайды» деп аталатын көлемді еңбек бүгінгі ұрпаққа патриоттық рух беретін, еңбек ерлігіне бастайтын, ұлағатты тәрбие беретін кітап болады деген ойдамыз.
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімдерін мәңгі есте қалдыру үшін жазылған бұл кітап – Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі мен қалалық ардагерлер кеңесінің жастарға ой тастар, қолда барды қадірлей білу мен зұлымдық пен жауыздықты жеңудің жолдары мен бейбіт өмірді сақтап қалған біздің қаһарман жауынгерлеріміздің ерен ерлігін бүгінгі ұрпаққа паш ететін естелік. Кеше ғана қалалық әкімдікте жаңа кітаптің тұсаукесері болып өтті. Отан алдында жан аямай ерлік көрсеткен жерлес жауынгерлерімізге басымызды жерге жеткенше иеміз!
Жазып алған Әсел Жақсыбай