2 күнде – 52 млн теңге: Қай өңірдің шаштараздары ең көп табыс тапқаны белгілі болды

2 күнде – 52 млн теңге: Қай өңірдің шаштараздары ең көп табыс тапқаны белгілі болды

2 күнде – 52 млн теңге: Қай өңірдің шаштараздары ең көп табыс тапқаны белгілі болды
ашық дереккөзі
Отандық шаштараздар екі күннің ішінде 52,3 млн теңге табыс тапқан. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сүйенсек, қызметі қалпына келтірілгеннен кейінгі тек екі күннің нәтижелері бойынша елдегі шаштараз қызметі саласындағы айналым 52,3 млн теңгені құрап, 15 мыңнан астам чек берілген. Бір чектегі орташа табыс 3,5 мың теңгені құрады. 2 күнде 1,7 млн теңге сомасында табыс тапқан елордалық кәсіпкер кірісі жөнінен өзгелерден оқ бойы озық тұр. Ал екінші орында - табысы 1,4 миллион теңгені құраған Алматы қаласының кәсіпкері. Екі күнде 1,3 миллион теңге тапқан шымкенттік кәсіпкер үшінші орында. Еске сала кетейік, төтенше жағдай режимі жарияланғаннан кейін қызметі тоқтатылған шаштараздар 4 мамырдан бастап қайта жұмыс істей бастады.