Испания билігі төтенше жағдай режимін 24 мамырға дейін ұзартты

Испания билігі төтенше жағдай режимін 24 мамырға дейін ұзартты

Испания билігі төтенше жағдай режимін 24 мамырға дейін ұзартты
ашық дереккөзі
Испания билігі елдегі төтенше жағдай режимін екі аптаға ұзартты.  Парламент қабылдаған жаңа қаулыға сай Испаниядағы шектеу шаралары 24 мамыр күні аяқталады. Десе де, тұрғындарға далаға шығып, спортпен айналысуға рұқсат берілген. Соңғы дерек бойынша, Испанияда  коронавирус жұқтырғандар саны  250 мыңнан асып жығылды. Елде індеттен 26 мыңға тарта адам көз жұмды. Науқастардың 159 мыңнан астамы дертінен айыққан. Айта кетейік,  Қазақстанда 4502 адамнан коронавирус анықталды. 1408 адам емделіп шықты, 30 адам көз жұмды.