Мемлекеттік қолдаудың маңызы

Мемлекеттік қолдаудың маңызы

Мемлекеттік қолдаудың маңызы
ашық дереккөзі
Дүние жүзіне тараған індеттің алдын алуға Қазақстан да алғашқылардың бірі болып кірісті. Үкімет тарапынан індеттің етек алып кетуіне барынша жол берілмей, тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Елімізде төтенше жағдай жариялағаннан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев са­лықтық жеңілдіктер мен жергілікті де­ң­гейдегі қолдауларды есептемегенде, дағ­да­рысқа қарсы шараларға бөлінген қаржының жал­пы көлемі 4 триллион 400 миллиард тең­ге немесе 10 миллиард долларды құрай­тынын айтты.

Қосымша әлеуметтік төлем – 42 500 теңге

Мемлекет басшысы төтенше жағдайға бай­ланысты табыс көзінен айрылған қазақ­стан­дықтарға ай сайын 1 айлық есептік көр­сеткіш көлемінде (42 500 теңге) жәр­де­мақы тағайындауды тапсырды. Алғашында мұн­дай көмекке жұмыс берушісі ақысыз де­малысқа жіберген 1,5 миллион адам ілінуі тиіс еді. Алайда Президент осы көмекті ала­тын азаматтардың санатын кеңейтуді тап­сырып, нәтижесінде ресми және бейресми жұ­мыс істегендер де жәрдемақы алуға мүм­кіндік алды. Соңғы есеп бойынша аталған жәр­демақыны 4 миллионнан астам қазақ­стан­дық алып үлгерді. Карантиннің алғашқы айын­да – 3 млн 727 мың теңге әлеуметтік тө­лем төленсе, екінші айда – 418 мыңнан ас­там қаражат аударылған. Карантин мерзімі ұзартылған сайын жәр­демақыға өтініш берушілер саны да ар­тып отырғанын байқадық. Осы уақытқа дейін 42 500 теңге алуға 8 млн 21 адам өті­ніш берген. Соның ішінде 3 млн 585 мың өті­німге төлем тағайындаудан бас тартылды. Әлеу­меттік жәрдемақы алуға ең көп өтініш біл­дірген өңірлер: Алматы облысы, Түр­кі­стан облысы, Алматы қаласы, Нұр-Сұлтан жә­не Шымкент қаласы.

Зейнетақы мен жәрдемақыны 10% индексациялау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 сәуірден бастап инфляцияның ар­туы­на байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тап­сырды. Аталған санаттағы азаматтардың (зей­неткерлер, мемлекеттік жәрдемақы алу­шылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар) та­бысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бө­лінді. Осылайша 2020 жылдың 1 сәуірінен бас­тап зейнетақының ең төменгі мөлшері 40 441 теңгені құрайтын болды. Ал мамыр айы­нан бастап 2,2 миллионнан астам қа­зақ­стандық зейнетақыны жаңаша есеппен ала­ды. Қайта есептеу автоматты түрде жүргі­зіле­тіндіктен, азаматтарға қандай да бір құжаттар өткізіп, бұл үшін басқа жерге жү­гінудің қажеті жоқ.

Коммуналдық төлем – 15 000 теңге

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның оты­рысында Қасым-Жомарт Тоқаев каран­тин­дік қалалардың тұрғындары үшін ком­муналдық төлемдерді төмендету бойынша ке­шенді шешім қабылдауды тапсырды. Пре­зидент бүгінгі таңда қазақ­стан­дық­тар­дың үштен бір бөлігі толықтай оқшауланған қа­лаларда өмір сүріп жатқанын және ка­ран­тинге жабылған өңірлерде тұратын аза­мат­тардың жекелеген санаттарына ком­мунал­дық қызметтер үшін 15 мың теңгеден бері­летінін айтты. Осылайша карантин ен­гі­зілген өңірлерде әкімдіктер тұтыну­шылардың дербес шоттарына 2 ай бойы ай сайын 15 мың теңгеден жіберіп отырады. Мемлекет басшысының тапсырмасының нәтижесінде елімізде шамамен 1 млн 600 мың адам коммуналдық қызметтерді тө­леуге көмек алады. Бұл туралы өткен аптада Құ­рылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық істері комитеті төрағасының орын­басары Бейбіт Шаханов мәлімдеді. Коммуналдық төлемге 1, 2, 3 топ мүге­дектері; мүгедек балаларды тәрбиелеп отыр­ған отбасылар; көп балалы отбасылар; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қаты­су­шылары және Ұлы Отан соғысының мүге­дек­тері мен қатысушыларына теңес­тірілген тұлғалар; мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін, әскери борышын орындау ке­зінде қаза тапқан адамдардың отбасылары; ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер ие бола алады. Ол үшін жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтар жергілікті әкімдікке жүгінулері тиіс.

Бір реттік 50 мың теңге

Коронавирус індетіне байланысты Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастама­сы­мен құрылған Birgemiz қоғамдық қорынан ха­лықтың әлеуметтік әлсіз санатына жата­тын жандарға бір реттік 50 мың теңгеден көмек берілді. «Біз біргеміз» республикалық акциясы ая­сында еліміздің патриоттары да көмекке мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп жатыр. Мамыр айының басында акцияның екінші кезеңі басталады. Оның аясында 6 мың адам­ды азық-түлік себетімен қамтамасыз ету жоспарланған. Екінші толқын аясында 28 073 адам көмек алады, оның ішінде бар­лық АӘК алушылар, 2-топ мүгедектері және басқалар бар. Birgemiz қоғамдық қоры бүгінгі таңда жал­пы сомасы 723 млн 900 мың теңгеге 14 478 адамға қаржылай көмек көрсетті.

Азық-түлік себеті немесе 4 АЕК

Төтенше жағдай барысында Президент Үкі­­­метке халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын азық-түлікпен тұрақты қам­та­масыз етуді тапсырды. Мемлекет қиын жағ­дайға тап болған азаматтарға көмек ре­тінде азық-түлік жиынтығын ұсынды. Ал­ғаш­қыда  азық-түлік себеті 460 мың адам­ға берілсе, кейін 800 мың тұрғынға тара­тыл­ды. Ал бүгінде мұндай көмек алатын адам­дар­дың саны 1 миллион 243 мыңға жетіп отыр. Бұл көмекті көпбалалы отбасылар, атау­лы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған аза­маттар, мүгедек баланың күтімімен отыр­ған ата-аналар мен жұмыспен қамту ор­гандарында жұмыссыз ретінде ресми тір­келген тұлғалар алып жатыр. Көмекке мұқ­таж азаматтарға еліміздің барлық өңірінде осы азық-түлік жиынтығы немесе азық-тү­лік жиынтығына арналған қаражат түрінде (4 АЕК көлемінде) беріліп жатыр.

Дәрігерге – үстемақы, полицияға – жоғары жалақы

Мемлекет басшысы медицина қызмет­кер­лерінің еңбек жағдайын ерекше бақы­лауға алып, дәрігерлердің еңбегін көтер­ме­леуді міндеттеді. Медицина қызметкер­лері­нің еңбекақысына 3 ай бойы үстемақы тө­ленеді. Инфекциялық ауруханалар мен реани­мациялық орталықтардағы коронавирус диагнозы расталған пациенттермен тікелей жұ­мыс жасайтын медицина қызметкер­лері­не – 850 мың теңге үстемақы; провизорлық стационарларда коронавирус симптомдары бар, бірақ диагнозы әлі расталмаған па­циенттермен жұмыс істейтін медицина қыз­меткерлеріне – 425 мың теңге үстемеақы; ка­рантиндік стационарлардың дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері, ауруды анық­тайтын зертханалардың қызмет­кер­лері, өткізу пункттеріндегі карантиндік тәр­тіпті қамтамасыз ететін денсаулық сақ­тау қызметкерлеріне – 212,5 мың теңге үс­те­меақы төленді. Коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүрген ақ халатты абзал жандардан бөлек, халықтың қауіпсіздігіне жауапты полиция қызметкерлерін де Президент на­зардан тыс қалдырмады. Блок-бекеттерде кезек­шілікте тұрған, коронавирус жұқтыр­ғандарды емдеп жатқан медициналық мекеме­лердің күзеті  мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлер бір айлық жалақы көлемінде үстемақы алды. Бұл мақсатта мем­лекеттен жалпы сомасы 6 млрд теңге қа­ражат бөлінді. Президенттің әлеуметтік шаралар па­кеті – халықтың әл-ауқатын қазіргі күйде сақ­тап қалуға бағытталған ауқымды әрі маңыз­ды шаралар. Өз уақытысында қабыл­данған маңызды шешімдер өз нәтижесін бере бастады. Табыс көзінен айырылып та­рыққан халықтың әлеуметтік жағдайын мем­лекет дер шағында тиісті шараларды жауап­кершілікпен жүзеге асыру арқылы сақ­тап қалды.   Әйгерім ЖАҚЫПБЕК, әлеуметтанушы:

Пандемия халықты қаржылық ұқыптылыққа бейімдеді

– Әлемді жаулаған пандемияның салдары дамушы елдер санатындағы Қазақстанның экономикалық жағдайына  өте қатты әсер етті. Үкімет тарапынан халықты қолдау шаралары қабылданды, мемлекеттен мұндай көмектің болуы орынды. Өйткені төтенше жағдайда халықты қолдау үшін белгілі бір мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс. Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға 42 мың теңге көлемінде жәрдемақы, дағдарыстан шығу үшін кәсіпкерлерге қолдау, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден беру, қазақстандықтарға несиені кейін төлеу мүмкіндігінің қарастырылуы отандастарымыздың әлеуметтік жағдайын тұрақтандыруға сәл де болса ықпал еткені анық. Халыққа экономикалық тұрғыдан жәрдем беру турасында олардың несиелерін үш айға шегеруге рұқсат берілді. Осы жағдайда біз халыққа шынайы көмек көрсетуге ұмтылған және керісінше  көмек көрсете отырып, үстемеақыларын көбейткен банктерді байқадық. Банк секторында да арнайы бақылаудың жоқ екеніне тағы бір рет көзіміз жетті. Жалпы, пандемия халықты қаржылық ұқыптылыққа үйретті. Бір несиесін екінші несиемен жауып жүрген немесе мойнында бірнеше несие бар азаматтарға бұл жағдай үлкен сабақ болды. Мемлекет тарапынан дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне жасалған қолдау жоғары дәрежеде болды деуге негіз бар. Себебі бөлінген қаржы көлемімен есептейтін болсақ, дәрігерлерге де, полиция қызметкерлеріне де өздерінің атқарған жұмыстарына сай сыйақы берілді. Алайда дәрігерлердің жалақы мөлшері әлі де төмен екені мәлім, болашақта осы мәселе де шешімін табуы тиіс. Төтенше жағдай барысында еліміздің денсаулық сақтау және білім беру саласында біршама қордаланған мәселелердің бар екеніне көз жеткіздік.  Алдағы уақытта жаңа бағдарламалар қабылдар кезде осы мәселелерді ескеруіміз қажет.