Жаңалықтар

Ерлердің  ісі бітер ме...

ашық дереккөзі

Ерлердің  ісі бітер ме...

Коронавирус әлем елдерінің медициналық әлеуетін ғана емес, қорғаныс қуатын да тара­зы­ға тартты. Кесірлі кеселді ауыз­­дықтау ісінде алғы шепте жүр­ген ақ халаттылардың еңбегі ел аузында. Ал кө­рінбейтін жау­мен арпалысқан әскерилердің қам-қарекеті жайлы жиі ай­тыл­майды. Қорғаныс сала­сы­ның қыз­меткерлері карантинді ау­мақ­тарда блок-бе­кеттерді күзе­ту­ге, еліміздің барлық өңірінде де­зин­фекция жүргізуге жұ­мыл­дырылған. Әскери дәрі­гер­лер де індетпен күреске көмектесу үшін арнайы дайындықтан өтті. Қазақстан ғана емес, қатерлі ви­руспен алысып жатқан жаһан елдерінің барлығы қарулы күш­терінің қуатына жүгінуге мәж­бүр.

Қарулы Күштердің қолдауы ерен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап­сырмасы бойын­ша елі­мізде коронавирус ин­фек­ция­сымен күресте залал­сыз­дандыру жұмыстарына ерек­ше мән берілуде. Төтенше жағ­­­­­дай ре­жимі жарияланған уа­қыттан бастап Қазақстан Қарулы Күш­тері­нің биоло­гия­лық қорғау бө­лім­шелері рес­публиканың бар­лық ай­ма­ғында дезинфекция жүр­гізіп келеді. Соңғы 5 апта ішін­­де әскери қызметкерлер жа­л­­пы ауданы 36 млн шаршы метр­­ден асатын әлеуметтік маңы­зы бар объектілерді, ұзын­­дығы 2,5 мың шақы­рым­нан астам жол учаскелерін за­лалсыз­дандырған. Бұл ту­ралы өткен ап­та­да Қорғаныс ми­нистрлігінде өткен кезекті аппарат кеңесінде ве­домство басшысы  Нұрлан Ер­мек­баев мәлімдеді. Министрдің ай­туын­ша, індетпен күрес жұ­мыс­­­тарын күшейту үшін хи­мия­­лық және биологиялық қорғаныс әс­керлерін қайта құру қажет бол­­ған. Осы мақ­сатта Қарулы Күш­­тердің Бас штабында ра­диа­циялық, хи­миялық, биологиялық (РХБ) қорғау және экологиялық қауіп­сіздік әскерлері департа­мен­ті құрылды. Бұған дейін Қарулы Күш­тер­де РХБ қорғау іс-ша­ра­ла­рын ұйым­дастыру Қазақстан ҚК БШ ин­женерлік әскерлер департа­мен­тінің құрылым­дық бөлім­ше­сіне – РХБ қор­ғау және экология­лық қауіп­сіздік әскерлері басқар­ма­сы­на жүктелген болатын. Жаңа­дан құрылған департа­мент­ке қысқа мерзімде қазіргі за­ман­ғы қауіп-қатерлерді, әскер­лердің мүмкіндіктерін және әлем­­нің жетекші елдерінің тә­­жіри­бесін ескере отырып, қор­ға­ныс жүйесін дамыту тұ­жырымда­ма­сын әзірлеу мін­деті қойылды. Әскери әлеуетімізді арттыруға бөлінген қар­жы еселене түскенімен, өзге елдермен салыстырғанда қорғаныс шығынымыз көп емес. Ресми дерек бойынша, әскерге жұмсал­ған қаржы жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына да жетпейтін көрінеді. Осы тұрғыдан есеп­тесек, көршілеріміз Өзбекстан бізден 4 есе, Әзірбайжан екі есе көп шығындалған. Оның үстіне, Қазақстанның қорғаныс саласы бюджет шығыны жөнінен 5-орында тұр. Алғашқы үштікте – әлеуметтік салалар: өткен жылдың алғашқы екі айында әлеу­мет­тік көмек пен әлеуметтік қамту бағы­тына 522,7 млрд теңге, білім беруге 338,5 млрд теңге, денсаулық сақтау бағытына 276,5 млрд теңге жұмсалған. «Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа әзірлен» де­ген көне латын пәлсапасы. Қазіргі ұғымға сал­сақ, қорғаныстан ақшаны аяма дегенді мең­зейді. Қазақстанның Қарулы Күштері – қауіпсіздігіміздің қалқаны, тұтас­ты­ғы­мыздың кепілі. Сондықтан әскеріміздің әлеуетін, қорғанысымыздың қуатын арт­тыру түптеп келгенде бейбітшілігімізді бе­кем­дей түсуге талпыныс екенін ұққан жөн. Жаһанның жігерін сынаған пандемия бұл тал­пыныс уақыт талабынан туғанын дәлел­деп отыр.