Мақтааралдықтар көмексіз қалмайды

7 мамыр, 2020 / Арайлым Жолдасбекқызы
ашық дереккөзі
Мақтааралдықтар көмексіз қалмайды Өткен аптада Өзбекстанның Cырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылып, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланған болатын. Тұрғындарының саны 6 127 адам бо­латын 5 елді мекен – Жаңа­­тұр­мыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өрге­бас, Дос­тық ауыл­дары толығымен су ас­тында қалған.  Бүгінгі таңда 14 елді ме­­кеннен 31 606 тұр­ғын эвакуа­ция­лан­ды. Аймақта жарияланған төтенше жағ­дайға байланысты арнайы үкі­мет­тік ко­миссия құрылды. Оны Премьер-Ми­­нистр­дің орынбасары Роман Скляр бас­қарады. Түр­кістан облысының әкі­мі Өмірзақ Шө­кеев пен құрамында ор­талық және жер­гілікті атқарушы ор­гандардың бас­шы­лары бар жұмыс то­бы Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өр­гебас, Достық ауыл­дарының тұр­ғын­дарымен кездесті. Үкімет бас­шы­сы­ның орынбасары Роман Скляр Мем­­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың сөзін жеткізді. «Қазақстан Президенті Мақтаарал ау­данының судан зардап шеккен бір­де-бір тұрғыны көмексіз қал­май­ты­нын айтты. Сол себепті сіздерге тек тү­сіністік таны­ту­ды сұраймын. Үкімет та­рапынан барлық қа­жетті көмек көр­сетіледі. Президент Үкі­метке Өз­бек­с­тандағы су қоймасы бөге­ті­нің бұзылуы салдарынан су басқан ауыл­дар­дың тұрғындарына жан-жақты мате­риалдық көмек көрсетуді тапсыр-ды», – деді Премьер-Министрдің орын­­ба­­сары Роман Скляр. Үкіметтік комиссия келтірілген шы­­ғынды шұғыл түрде есептеу жұ­мыс­тарын жүр­гізеді. Ең алдымен тұр­ғын үйлер қал­пына келтіріледі. Күні кеше Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасына сай Мақ­таарал ауданындағы су тас­қы­ны сал­да­рын жою үшін көмекке Өз­бек­стан аза­маттары мен арнайы тех­никалар келіп жетті. Апат болған аймақтағы жедел штаб­­тың ақпараттық бөлім маманы Қанат Байсовтың айтуынша, көрші елден 42 арнайы техника мен 200 адам келген. Тех­никалардың арасында су сорғыш, буль­дозер және бөгет салу­ға қажетті түр­лері бар. Сондай-ақ өз­бек­стандық жасақ елді мекендерге жайылған суды тазалау мен су сору жұмыстарын жүргізбек. Со­ны­мен қатар тұрғын үйлердің құры­лысына да атсалысады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ай­туынша, ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау және су басқан тұрғын үйлердің мүл­кін қорғау үшін 8 блокпункт орна­ты­­лып, Полиция департаментінің же­ке құра­мынан 303 қызметкер, 53 кө­лік жұ­мыл­дырылды. Авариялық-құт­қару жұ­мыстарын жүргізу үшін 986 адам, 10 дана жүзу құрылғысы, 180 дана техника жұ­мылдырылды. Елді мекендерді су басу қаупінің ал­­дын алу үшін Нұрлы жол, Өргебас, Ырыс­ты, Жантақсай елді мекендерінде бөгеттер салынып, Мырзакент ба­ғы­тында Фир­доуси елді мекені аума­ғын­да коллектр орна­тылды. Бұдан бөлек, Мақтаарал ауда­нының аумағынан ағын суды тез арада шығару мақса­тын­да Өзбекстан тарапынан Жетісай ауда­ны Қоғалы елді мекенінің маңы­нан Орталық Бетпақдала коллек­торы ар­қылы автожол көпірін айналып өте­тін канал қазылды. Түркістан облыстық Ауыл шаруа­шы­­лы­ғы басқарма басшысының орын­­басары Тұр­ғанбек Оспановтың ай­­туынша, қазір­дің өзінде 3 601 гек­тар­ға жуық ауыл шаруа­шылығы да­қыл­дары су астында қа­л­ған. Алдын ала болжам бойынша, шы­ғын көлемі – 404 млн теңге. Түркістан облысы өңірлік ком­му­ни­ка­ция қызметінің дерегінше, әсі­ресе, Жаңа­жол, Еңбекші ауыл округ­теріне қарас­ты Жеңіс, Жаңатұрмыс, Жантақсай ауыл­дарындағы алқаптар көп­теп зардап шек­кен. Су астында қал­ған егістік алқап­тың 85 пайызы мақ­та егістігі болса, қалғаны жоңышқа мен жүгеріге тиесілі екені анықталған.