Мақтааралдықтар көмексіз қалмайды

Мақтааралдықтар көмексіз қалмайды

Мақтааралдықтар көмексіз қалмайды
ашық дереккөзі
Өткен аптада Өзбекстанның Cырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылып, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланған болатын. Тұрғындарының саны 6 127 адам бо­латын 5 елді мекен – Жаңа­­тұр­мыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өрге­бас, Дос­тық ауыл­дары толығымен су ас­тында қалған.  Бүгінгі таңда 14 елді ме­­кеннен 31 606 тұр­ғын эвакуа­ция­лан­ды. Аймақта жарияланған төтенше жағ­дайға байланысты арнайы үкі­мет­тік ко­миссия құрылды. Оны Премьер-Ми­­нистр­дің орынбасары Роман Скляр бас­қарады. Түр­кістан облысының әкі­мі Өмірзақ Шө­кеев пен құрамында ор­талық және жер­гілікті атқарушы ор­гандардың бас­шы­лары бар жұмыс то­бы Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өр­гебас, Достық ауыл­дарының тұр­ғын­дарымен кездесті. Үкімет бас­шы­сы­ның орынбасары Роман Скляр Мем­­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың сөзін жеткізді. «Қазақстан Президенті Мақтаарал ау­данының судан зардап шеккен бір­де-бір тұрғыны көмексіз қал­май­ты­нын айтты. Сол себепті сіздерге тек тү­сіністік таны­ту­ды сұраймын. Үкімет та­рапынан барлық қа­жетті көмек көр­сетіледі. Президент Үкі­метке Өз­бек­с­тандағы су қоймасы бөге­ті­нің бұзылуы салдарынан су басқан ауыл­дар­дың тұрғындарына жан-жақты мате­риалдық көмек көрсетуді тапсыр-ды», – деді Премьер-Министрдің орын­­ба­­сары Роман Скляр. Үкіметтік комиссия келтірілген шы­­ғынды шұғыл түрде есептеу жұ­мыс­тарын жүр­гізеді. Ең алдымен тұр­ғын үйлер қал­пына келтіріледі. Күні кеше Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасына сай Мақ­таарал ауданындағы су тас­қы­ны сал­да­рын жою үшін көмекке Өз­бек­стан аза­маттары мен арнайы тех­никалар келіп жетті. Апат болған аймақтағы жедел штаб­­тың ақпараттық бөлім маманы Қанат Байсовтың айтуынша, көрші елден 42 арнайы техника мен 200 адам келген. Тех­никалардың арасында су сорғыш, буль­дозер және бөгет салу­ға қажетті түр­лері бар. Сондай-ақ өз­бек­стандық жасақ елді мекендерге жайылған суды тазалау мен су сору жұмыстарын жүргізбек. Со­ны­мен қатар тұрғын үйлердің құры­лысына да атсалысады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ай­туынша, ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау және су басқан тұрғын үйлердің мүл­кін қорғау үшін 8 блокпункт орна­ты­­лып, Полиция департаментінің же­ке құра­мынан 303 қызметкер, 53 кө­лік жұ­мыл­дырылды. Авариялық-құт­қару жұ­мыстарын жүргізу үшін 986 адам, 10 дана жүзу құрылғысы, 180 дана техника жұ­мылдырылды. Елді мекендерді су басу қаупінің ал­­дын алу үшін Нұрлы жол, Өргебас, Ырыс­ты, Жантақсай елді мекендерінде бөгеттер салынып, Мырзакент ба­ғы­тында Фир­доуси елді мекені аума­ғын­да коллектр орна­тылды. Бұдан бөлек, Мақтаарал ауда­нының аумағынан ағын суды тез арада шығару мақса­тын­да Өзбекстан тарапынан Жетісай ауда­ны Қоғалы елді мекенінің маңы­нан Орталық Бетпақдала коллек­торы ар­қылы автожол көпірін айналып өте­тін канал қазылды. Түркістан облыстық Ауыл шаруа­шы­­лы­ғы басқарма басшысының орын­­басары Тұр­ғанбек Оспановтың ай­­туынша, қазір­дің өзінде 3 601 гек­тар­ға жуық ауыл шаруа­шылығы да­қыл­дары су астында қа­л­ған. Алдын ала болжам бойынша, шы­ғын көлемі – 404 млн теңге. Түркістан облысы өңірлік ком­му­ни­ка­ция қызметінің дерегінше, әсі­ресе, Жаңа­жол, Еңбекші ауыл округ­теріне қарас­ты Жеңіс, Жаңатұрмыс, Жантақсай ауыл­дарындағы алқаптар көп­теп зардап шек­кен. Су астында қал­ған егістік алқап­тың 85 пайызы мақ­та егістігі болса, қалғаны жоңышқа мен жүгеріге тиесілі екені анықталған.