Су тасқыны салдарынан баспанасыз қалғандарға мыңнан астам үй салынады – Президент

6 мамыр, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Су тасқыны салдарынан баспанасыз қалғандарға мыңнан астам үй салынады – Президент Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан үй-күйсіз қалған Мақтааарал тұрғындарына арнап мыңнан астам үй салынады. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды.  «Үкімет Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан баспанасынан айырылған Түркістан облысының азаматтары үшін мыңнан астам тұрғын үй салуға кіріседі», - деп жазды Мемлекет басшысы.