БҚО тұрғынынан 366 дана киік мүйізі тәркіленді

Батыс Қазақстан облысында ақбөкенді атып, мүйізін сатып, оңай олжаға кенелгісі келетіндер қатары азаймай тұр. 

Жыл басынан бері өңірде заңсыз аңшылық дерегі бойынша 30 құқық бұзушылық тіркелсе, соның 17-і киікке қатысты екен. Жуырда Бөкей Ордасы ауданында жедел-іздестіру шаралары кезінде 366 дана киік мүйізін өткізбек болған тағы бір жергілікті тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу алды амалдары басталды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылып, бар жиған-тергені тәркіленбек.

«Киік мүйіздерін сату кезінде 1991 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталып, 366 дана киік мүйізі мен «Фольксваген» автокөлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталған тұлғалардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығы тексерілуде», – дейді ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Back to top button