Жаңалықтар

Nur Otan: Жаңа міндеттерге сай кешенді жоспар түзілмек

ашық дереккөзі

Nur Otan: Жаңа міндеттерге сай кешенді жоспар түзілмек

Nur Otan партиясының құрылған күнінен-ақ негізгі мақсаты – саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу. Партияны және елдің бүкіл саяси алаңын «қалпына келтірудің» маңызды жұмыстары  –  Nur Otan партиясы аясында іске асып келеді. Ел өркендеуінің нақты бағыттары мен жоспарларын жүзеге асыру үшін партия құрамына  қарапайым жұмысшы азаматтардан бастап, ел ішіндегі ең бір талантты, жетістікке жетіп көпке үлгі бола алатын айтулы тұлғалар да мүшелікке енген. Бастапқы  саяси партиялар  Елбасы тағайындаған партияны «қайта жүктеу» –  бастапқы саяси партиялардың жалпы стратегиялық кезеңдерінің бірі. Партияның «қайта жүктелуі» –  ол көптеген дамыған демократиялық  елдерде де  сыналды. Жаңа лидерлер қатарының көбеюі – партияның сайлаудағы жеңісі және жақын болашақтағы  көшбасшылықтың негізі. Партия бағдарламалары әр облысқа, қалаға, аудан-ауылға жетіп, халықтың нақты сұранысын ескере отырып жұмыстар атқаруда.  Барлық филиалдарға қашан да  аймақтың мүдделерін қорғай алатын белсенді адамдар қажет. Мақсатты жұмыстар – барлық  мәселені шешудің ең негізгі көзі болып табылады. Елде сайлау  бағдарламаларын халықтың қажеттіліктерін ескере отырып әзірлеуге жұмылдыру көзделген.  Енді партия мүшелері  жаппай күн тәртібін жетілдіруге атсалысуда. Партия биліктегі, елдегі болып жатқан жағдайларға жауапкершіліктің барлық ауыртпалығын көтеретін саяси күш ретінде халық сенімінен толық шыға білуімен беделді.  Кешенді  жоспарлардың  қайта пысықталып,  қолға алынуының  маңыздылығы да осында жатса керек.  Дағдарыс жағдайында, әсіресе билік басындағы парламенттік көпшіліктің пікірін  білдіретін саяси партияның  жұмылдырушы рөлі күн санап артып келеді. Әсіресе, аймақтарда атқарылып жатқан жұмыстар  басты назарда болып отыр. Nur Otan  партиясы бүгінде елдегі жетекші саяси күш болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік жауапты  бағыты бүгінгі таңда шұғыл әрекет етуінен партия айтулы жетістіктерге  қол жеткізіп отыр.

 Әсел Жақсыбай