Пойыз жолаушылары да коронавирусқа тест тапсыра ма — министрлік жауап берді

Пойыз жолаушылары да коронавирусқа тест тапсыра ма — министрлік жауап берді

Пойыз жолаушылары да коронавирусқа тест тапсыра ма  — министрлік жауап берді
ашық дереккөзі
Елімізде пойыздар қозғалысы қашан қалпына келтіріледі? Бұл сауалға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен  брифингте  ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев жауап берді.  «Пойыздар қай кезден бастап жүре бастайтынын нақты айту мүмкін емес. Бұл мәселе әлі талқылануда. Пойыз жүре бастаған кезде Covid-19 індетінің жоқтығын білдіретін анықтаманың талап етілетінін немесе талап етілмейтінін бас санитарлық дәрігер шешеді, - деді комитет төрағасы. Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, қалыпты өмірге қашан оралатынымыз ел тұрғындарының сақтық шараларын қаншалықты мұқият орындайтынына байланысты болмақ. «Карантин шараларын тоқтатудың нақты шарттары бар. Карантиннің ертерек тоқтағанын қаласақ, Денсаулық сақтау министрлігі қойған барлық талаптарды толық сақтау керек», - деп ескертті ол.