Мақтаарал: Вице-премьер тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен кездесті (видео)
Мақтаарал: Вице-премьер тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен кездесті (видео)
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Түркістан облысының Мақтаарал ауданына барды. Онда Үкімет басшысының орынбасары су басқан ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін жеткізді.
Осы жағдайға байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылғаны белгілі. Оны Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр басқарады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен құрамында орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары бар жұмыс тобы Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Комиссия шығынды шұғыл түрде есептеу жұмыстарын жүргізеді. Ең алдымен тұрғын үйлер қалпына келтіріледі.