Әлия Рақышева жаңа қызметке тағайындалды

Әлия Рақышева жаңа қызметке тағайындалды

Әлия Рақышева жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Сенат Аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.  Ә.Ғ. Рақышева 1980 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында басшылық лауазымдарда болды. 2013 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына дейін ҚР Президентінің Кеңесшісі болды.