Nur Otan «Қаһарман» акциясын жариялады

Nur Otan «Қаһарман» акциясын жариялады

Nur Otan «Қаһарман» акциясын жариялады
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін  еске алуға ерекше көңіл бөледі. Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында партия республикалық «Қаһарман» акциясын жариялады. Жеңіс күні мерекесіне орай, Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған  акциясы аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлері тұрғылықты үй-жайына әрбір облыстардағы мәслихат депутаттары мен партия филиалдары басшыларының арнайы барып, мақсатты құттықтауы көзделген. Сондай-ақ партия тарапынан азық-түлік себеттерін, құттықтаулар мен кәдесыйларды тапсыру ұйымдастырылған. Акцияның мақсаты – құрметті ардагерлеріміздің ел есінен кетпейтін ерліктерін кеңінен насихаттап, бүгінгі ұрпаққа дәріптеу. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Сондықтан, партия «Ұмытылған батырлар. Кеңес Одағының Батырлары» кітабының авторы Берік Әбдіғалиұлын бірауыздан қолдады. Берік Әбдіғалиұлы Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған 133 майдангер жайлы  ақпаратты жинаған. Өкініштісі, соғыстың сұрапыл жылдарында оқ пен оттың ортасында жан аямай жауға қарсы төтеп берген сол жауынгерлер  түрлі себептермен атақ-даңққа бөлене де ала алмаған. Қазіргі таңда  «Нұр Отан» партиясы майдангерлеріміз жайлы егжей-тегжейлі жұмыстар жүргізуде. Партияның әр өңір филиалдары соғыс ардагерлері жайлы  ақпарат жинап, соңында қалған ұрпақтары мен  туыстарын табуға зор ынтамен атсалысса,  әлі де зерттелмей, танылмай қалған  қазақстандық  жауынгерлердің оқиғалары «Литер» газеті мен «Айқын» сайтында жарияланатын болады.  Дәл бүгінгі күні партия филиалдары ақпарат алуға және Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 44 адамның туыстарын іздеуге көмек көрсетті. Игілікті шараның әлі де жалғасын табатынына сенім мол.

Әсел Жақсыбай