Қырғыз премьер-министрі болып Сооранбай Жээнбеков сайланды

13 cәуірде Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңешінің жиынында көпшілік дауыспен Сооранбай Жээнбеков премьер-министр болып cайланды.

Мұның алдында Жоғары Кеңештің төрағасы Асылбек Жээнбеков туған ағасының премьерлік қызметке талапкерлігі ұсынылғанына байланысты өз ықтиярымен қызметі орнын босаткан болатын. Қазір спикердің орны бос.

Осы күні Президент Алмазбек Атамбаев Жоғарғы Кеңештің шешімдерін бекіткен жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, президент үкіметтің отставкаға кеткеніне орай қызметін уақытша атқарып жатқан министрлерді қызметіне тағайындаған жарлықтарға да қол қойды. Үкіметтің құрамында көп өзгеріс болған жок.  Бірінші вице-премьер-министр Аалы Қарашевтың орнына Әлеуметтік қордың төрағасы қызметіндегі Мұхамметқалый Абулғазиев тағайындалды.

Назарбек БАЙЖІГІТОВ, «Түркістанның» Қырғызстандағы тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button