Атырауда коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызы – Теңіз кенішінің жұмысшылары

Атырауда коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызы – Теңіз кенішінің жұмысшылары

Атырауда коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызы – Теңіз кенішінің жұмысшылары
ашық дереккөзі
Атырау облысындағы Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандар саны 160 адамға жетті. Өңірлік жедел штаб мәліметіне сүйенсек, бүгін Теңіз кен орнында Covid-19 індетінің тағы 15 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастар арасында он ер адам және бес әйел бар. Олар кен орнынан тұрғылықты жеріне жету дайындығынан өткен жұмысшылар. Бекітілген тәртіп бойынша жұмыс орнынан шығар алдында қызметкерлерден анализ алынған. ПТР диагностикалық тестілеу нәтижесінде Covid-19 диагнозы расталды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошағына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында 226 адамнан коронавирус анықталды. Олардың 78-і емделіп шықты. Ал республика бойынша індетке шалдыққандардың жалпы саны 4298-ге жетті.