Еуропада коронавирус 2019 жылы пайда болған – ДДСҰ

Еуропада коронавирус 2019 жылы пайда болған – ДДСҰ

Еуропада коронавирус 2019 жылы пайда болған – ДДСҰ
ашық дереккөзі
Коронавирус инфекциясы Еуропада 2019 жылы пайда болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай мәлімдеме жасады. Ұйым өкілі Кристиан Лайндмайер француздық науқастың сынамаларынан COVID-19 белгілерін тапқан. Инфекцияны жұқтырған науқас 27 желтоқсан күні аурухана түсіп, төрт күн ем-дом шараларын қабылдаған. Бұл уақытта Қытайдың медицина қызметкрелері коронавирустың жаңа түрі пайда болғаны туралы енді мәлімдеп жатқан еді. Болжам бойынша франциялық науқас Уханьға барып қайтқан болуы мүмкін. Ресми деректер бойынша Еуропада коронавирус алғаш рет 24 қаңтар күні тіркелген. Осы орайда Денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін атиптік пневмониямен ауырған науқастардың анализдерін қайта мұқият қарап шығуға шақырды. «Еуропада коронавирус желтоқсан айында пайда болуы мүмкін. Демек, іссапармен барған немесе саяхатқа шыққан туристер Кәрі құрлыққа пандемияны әкелуі мүмкін. Басқа елдерде бұдан да ерте тіркелген науқастар болуы мүмкін. Сол себепті анализдерін мұқият қарау керек», - деді Кристиан Лайндмайер.