Қостанай облысы: Ресейден келген 17 студенттің бірі коронавирус жұқтырған

Қостанай облысында Ресейден келген студент қыздан коронавирус анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Бүгін Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңадан 1 жағдайы тіркелген еді. Қазақстанның 17 азаматы – студенттер «Қайрақ» автоөткелі арқылы шекарадан өткен. Олардың барлығы коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтауға анализ алынғанға дейін Тобыл қаласындағы карантиндік стационарға жатқызылған.

«COVID-19 Ресей Федерациясынан келген 19 жастағы студент қыздан табылды. Ол Қостанай облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Автобуста бірге келген адамдар медициналық бақылауға алынды. Тауысқандарымен және жақындарымен тікелей байланыс орнатпаған. Қазіргі таңда науқас хаттамамен бекітілген тиісті емді қабылдап жатыр. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынды», – делінген ақпаратта.

Бүгінде Қостанай облысында індетті жұқтырған жалпы 54 адам тіркелді.

 

Back to top button