Маңғыстаулық оқушыларға қашықтан оқуға жағдай жасалды

Nur Otan партиясына Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылындағы 4 отбасы атынан көмек сұраған өтініш келіп түседі. Онда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданының тұрғындары  М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында оқитын, ал Ақшұқыр ауылының тұрғындары Ақшұқыр мектеп-лицейінде оқитын оқушыларға елдегі төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған техникалық құралдарды алуға көмектесу туралы өтінген.

Нәтижесінде өтініш берген  ата-аналар партия тарапынан нақты көмекке қол жеткізген. «Бақытты отбасы»  партия ұйымы Ақшұқыр ауылының тұрғындары Д. Кочмухановтар, Д. Кемелхан және А. Әбдінаймовтар отбасына қашықтан оқыту құралы ретінде смартфон, сондай-ақ,  М. Сейсенбай отбасына теледидар табыс еткен. Енді онлайн сабақ оқудан еш қиындық көрмейтіндіктеріне қуанған ата-ана да, оқушы балалар да партия тарапына шынайы алғыстарын білдірді.

 

Әсел Жақсыбай

Back to top button