Некелесу және ажырасу көрсеткіші жөнінен алда тұрған өңірлер анықталды
Некелесу және ажырасу көрсеткіші жөнінен алда тұрған өңірлер анықталды
Өткен жылы елімізде ауылдық жерлерде ажырасу көрсеткіші артқан.
Ranking.kz дерегіне сүйенсек, 2019 жылы Қазақстанда 139,5 мың неке қиылған, бұл 2018 салыстырғанда 1,2% көп.
Сонымен қатар ажырасу саны да артқан. Атап айтқанда 59,8 мың ажырасу жағдайы тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 9,1% көп. Оның ішінде қалаларда 98,2 мың неке қиылды, бір жылдық өсім – 2,4%. Ал 44,1 мың ажырасу жағдайы тіркелді, бір жылдық өсім – 7,2%.
Ауылдық жерлерде 41,3 мың неке қиылды, бұл көрсеткіш, керісінше, бір жыл ішінде 1,3% төмендеген. Сондай-ақ ауылдық жерлерде 15,7 мың ажырасу жағдайы тіркелді: көрсеткіш бір жыл ішінде бірден 14,9% көбейген.
Неке қию бойынша Алматы (17,8 мың неке), сондай-ақ Алматы облысы (14,2 мың неке) және Түркістан облысы (14 мың неке) көш бастап тұр.
Тіркелген ажырасулар саны бойынша да Алматы (7,3 мың ажырасу) және Алматы облысы (6,7 мың ажырасу), Қарағанды облысы (5,4 мың ажырасу) алдыңғы үштікте тұр.
Неке коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,54, ал ажырасу коэффициенті 3,23 құрады. Неке коэффициенті бойынша елорда (1000 адамға шаққанда 10,22), сонымен қатар Алматы (1000 адамға шаққанда 9,46) және Шымкент (1000 адамға 8,03) көш басында.
Ажырасу коэффициенті бойынша Павлодар (1000 адамға шаққанда 4,24), елорда (1000 адамға 4,11) және Қарағанды облысы (1000 адамға 3,91) алдынға қатарда тұр.