Жаңалықтар

Елімізде қай санаттағылар коронавирусты жиі жұқтыратыны белгілі болды

ашық дереккөзі

Елімізде қай санаттағылар коронавирусты жиі жұқтыратыны белгілі болды

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың көпшілігі 20-25 жас аралығындағы жастар. Осы санат бойынша 666 адамнан Covid-19 инфекциясы анықталды.  Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.  Ведомство басшысының айтуынша, соңғы бірнеше күнде бір тәулікте коронавирусқа шалдығудың жаңа жағдайлары 3 пайыздан аспаған. Сондай-ақ, министр COVID-19 жұқтырғандар скрининг кезінде анықталғанын айтты. Айта кетейік, соңғы дерек бойынша Қазақстанда 4 277 адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 1279 адам емделіп шықты. 29 науқас қайтыс болды.