Түркияда 65 жастан асқандарға көшеде 4 сағат серуендеуге рұқсат берілді

Түркияда 65 жастан асқандарға көшеде 4 сағат серуендеуге рұқсат берілді

Түркияда 65 жастан асқандарға көшеде 4 сағат серуендеуге рұқсат берілді
ашық дереккөзі
Түркияда коронавирусқа байланысты енгізілген шектеу шаралары алына бастады.   Соңғы тәулікте елде 1614 адам қатерлі вирус жұқтырған. Бұл – сәуір айынан бергі ең төмен көрсеткіш. Мемлекетте эпидемиологиялық ахуалдың оңала бастауына байланысты Түркия үкіметі  карантин режимін жеңілдетудің алғашқы кезеңін бастады. «Қалыпты өмірге оралу»  деп аталатын бұл кезең маусым, шілде, тамыз айларын қамтымақ. «Елдегі жағдайға байланысты сақтық шараларын жеңілдетіп немесе арттырамыз. Отанымыздың қай уақытта қалыпты өмірге оралатындығын 83 миллион халқымызбен шешеміз. Денсаулық сақтау министрлігінің ережелерін мүдірмей орындасақ, бұл күн алыс емес. Сақтықсыз әрекет надандықпен пара-пар екенін ұмытпағанымыз жөн», - деді Режеп Тайып Ердоған. Түркияда 65 жастан асқандар үшін де жүріп-тұрып талаптары жеңілдейді. Қариялар аптасына 4 сағат бойы сыртта таза ауа жұта алады. 7,5 миллионнан астам егде жастағы азамат 10 мамыр күні жергілікті уақытпен 11:00-15:00 аралығында көшеге шыға алады. Ал 20 жасқа дейінгілердің сыртқа шығуын ел билігі екіге бөлді. Яғни, 0-14 жас аралығындағылар 13 мамыр күні, 15-20 жас аралығындағылар 15 мамыр күні қалаған жерлеріне 4 сағатқа ғана бара алады. Десе де,  бетперде тағу, арақашықтықты сақтау секілді сақтық шараларын орындау міндеттелген. Сондай-ақ, ел үкіметі 7 қалаға кіріп-шығу ережелерін жеңілдетеді. Атап айтқанда, Анталия, Айдын, Эрзурум, Хатай, Малатия, Мерсин мен Мұғлаға сапар шегуге болады. Бұдан бөлек,  11 мамырдан бастап Түркиядағы барлық ірі зауыттар мен фабрикалар өз жұмысын қайта бастайды. Соңғы дерек бойынша елде 129 мыңнан аса адам індет жұқтырған. Коронавирус құрбандарының саны – 3520.