«Nur Otan» партиясы мұқтаж отбасына төрт бөлмелі үйдің кілтін табыстады
«Nur Otan» партиясы мұқтаж отбасына төрт бөлмелі үйдің кілтін табыстады
«Nur Otan» партиясына Шардара ауылының тұрғыны баспана мәселесін шешуге көмектесуін сұрап жүгінген болатын.
Отағасы – Ерсұлтан Айхожаев үшінші топ мүгедегі, әйелі үй шаруасымен айналысады, екі бала тәрбелеп отырған отбасы. Табыс көзі – мемлекеттен алатын жәрдемақы мен жалдамалы жұмыстан түсетін нәпақа, ол жалға алатын пәтердің ақысын төлеу мен аса керекті тұрмыстық заттарды сатып алуға әрең жетеді.