Темекі тартатындар коронавирусқа шалдықпайтыны рас па – маман жауабы
Темекі тартатындар коронавирусқа шалдықпайтыны рас па – маман жауабы
Коронавирус пандемиясы кезінде шылым шегу өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Өйткені темекі тартатындардың иммунитеті төмендейді. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс психиатр-наркологы Евгений Брюн мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Темекі өнімдерін тұтыну қай тұрғыдан алсақ та аса қауіпті. Ал коронавирус пандемиясы жағдайында тіпті өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Шылым шегетіндер COVID-19 індетімен ауырмайды немесе ауруды жеңіл өткереді деген әңгіменің негізі жоқ», - дейді Е.Брюн.
Маманның айтуынша, темекі өнімдері адамның иммунитетін төмендететінін дәлелдейтін ғылыми деректер жетерлік. Десе де, соңғы уақытта ақпарат құралдарында темекі шегушілер коронавирус жұқтыра қоймайды деген сарындағы материалдар пайда болған. Евгений Брюннің пікірінше, мұндай ақпараттар шындыққа жанаспайды және көпшілікті адастыруы мүмкін.
«Мұндай ақпараттық-ғылыми «жаңалықтарды» темекі өнімдерінің сатылымын арттыруға мүдделілер таратуы мүмкін деп болжауға болады», - дейді маман.