Алакөл демалыс аймағына ұшақ қатынайды

Алакөл демалыс аймағына ұшақ қатынайды

Алакөл демалыс аймағына ұшақ қатынайды
ашық дереккөзі
Алакөл демалыс аймағындағы Үржар кентіне Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскеменнен рейстер ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті. «ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы жылы төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөл демалыс аймағына барып қайтуға қолайлы болуы үшін Үржар кентіне субсидияланған әлеуметтік маңызы бар рейстер ашуды жоспарлап отыр», – делінген ведомствоның Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта. Министрліктің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласынан Үржарға «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Оған 174,3 млн теңге бөлінеді. Бір жаққа тариф құны – 16 мың теңге. Алматыдан Үржарға «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін 4 және одан көп рейс жүзеге асырады. Оған 109,4 млн теңге бөлінеді. Бір жаққа тариф құны – 14 мың теңге. Өскеменнен Үржарға «Южное небо» әуе компаниясы жыл бойына аптасына 1 рейстен орындайды. Бөлінетін сома – 207,7 млн теңге. Тариф құны – 10 мың теңге.