Қазақстанда медициналық маска мен антисептикалық құралдар өндірісі 2 есе өсті

Қазақстанда медициналық маска мен антисептикалық құралдар өндірісі 2 есе өсті

Қазақстанда медициналық маска мен антисептикалық құралдар өндірісі 2 есе өсті
ашық дереккөзі
Биыл наурыз айында отандық фармацевтикалық кәсіпорындар тәулігіне 170 мың дана медициналық маска шығарса, бүгінде бұл көрсеткіш 2 есеге артып, 340 мың данаға жеткен. Ал залалсыздандыру құралдарын өндіру тәулігіне 86 мың литр болса, қазіргі уақытта 170 мың литрден асты. Медициналық маскалар бойынша өндіріс өсімі «Дольче» ЖШС өндірісін кеңейту есебінен болды. Олар қысқа мерзімде екі қосымша станок орнатып, өндіріс қуатын 3 есеге, яғни 60 мыңнан 180 мың данаға дейін арттырды. Карантин кезінде кейбір кәсіпорындар өз қызметін залалсыздандыру құралдарын шығару бағытына бейімдеп, халыққа аса қажетті өнімді шығара бастады. Осылайша, Қазақстанда этиль спиртін өндіруші кәсіпорындар жағдайға байланысты залалсыздандыру құралдарын өндіруге көшті. Олардың қатарында Қостанай облысындағы қуаттылығы тәулігіне 4 000 л құрайтын ALPHA-2050 ЖШС, Ақтөбе облысындағы қуаттылығы тәулігіне 54 000 л болатын «Кентавр» ЖШС-і бар. Сондай-ақ, «АлмаДК» ЖШС және «Милитарм» ЖШС-мен бірлесіп, натрий гипохлориді және этиль спирті негізінде антисептикалық және залалсыздандыру заттарын шығара бастады. Әкімдіктердің ақпараты бойынша халықтың дезинфекциялық құралдарға деген қажеттілігі толығымен отандық өндірушілер есебінен қамтамасыз етіліп отыр.