Қазақстандықтардың 80 пайызына Д дәрумені жетіспейді

Қазақстандықтардың 80 пайызына Д дәрумені жетіспейді

Қазақстандықтардың 80 пайызына Д дәрумені жетіспейді
ашық дереккөзі
Ғалымдар бүгінгі таңда коронавируспен күресуде ағзаның әлсіз болуын (тіпті өлім көрсеткішін) Д дәруменінің жетіспеушілігімен байланыстырады. ҚазАқпараттың жазуынша, «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің маркетинг және инновациялар жөнінде директоры Алексей Балась: «Соңғы жылдары қазақстандықтарда Д дәруменінің жетіспеушілігі көбейіп барады. Д дәруменінің иммунитетті нығайтудағы рөлі зор. Адам ағзасына бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ауру асқынып кетуі мүмкін», – дейді. Оның айтуынша, қыс мезгілінде Қазақстан тұрғындарының 80 пайызына жуығы Д дәрумені жетіспеушілігінен зардап шегеді. «Бұл көрсеткіш көбінесе ересектерге қатысты. Балалар Д дәруменінің профилактикалық дозасын алады. Ал ересектер ол туралы ұмытып кетеді, сол себепті қыс мезгілінде білініп қалады. Д дәрумені аз-көптігін анықтайтын тест қазіргі кезде кең қолданыста. Аталған тестті әр адам дәрігер нұсқауымен де, өз қалауымен де тапсыруына болады», – дейді ол.