Күн суытады: еліміздің үш облысында ескерту жарияланды

Күн суытады: еліміздің үш облысында ескерту жарияланды

Күн суытады: еліміздің үш облысында ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК еліміздің үш облысында ескерту жариялады. 6 мамыр түнде Қарағанды облысының кей жерінде 1-6 градусқа дейін күн суытады. 5 мамыр күндіз Атырау облысында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с болады. Атырау қаласында 5 мамыр күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Батыс Қазақстан облысында 5 мамыр түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз кей жерде найзағай ойнайды. Оралда 5 мамырда оңтүстік-шығыс желі есіп, екпіні 18 м/с болуы ықтимал.