«Nur Otan»: Ақкөл тұрғындарының мәселесі жедел шешімін тапты

«Nur Otan»: Ақкөл тұрғындарының мәселесі жедел шешімін тапты

«Nur Otan»: Ақкөл тұрғындарының мәселесі жедел шешімін тапты
ашық дереккөзі
Ақкөл қаласындағы көпқабатты үйдің тұрғындары «Nur Otan» партиясынан көмек сұраған болатын. 7 сәуір күнгі қатты дауылды жел сексеннен астам адам тұратын (оның ішінде зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар бар) тұрғын үйдің шатырын ұшырып кеткен.  width= Бұл мәселені шешу үшін «Nur Otan» партиясы аймақтық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қайыржанов А. зардап шеккен үйдің тұрғындарымен кездескен болатын. Нәтижесінде тұрғын үйдің шатырын қалпына келтіру бойынша құрылыс жұмысын жүргізу туралы шешім қабылданып, бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 13 606 006 теңге бөлінді. Қазіргі уақытта тұрғын үйдің шатырын қалпына келтіру бойынша құрылыс жұмысы жүріп жатыр және 11 мамырға дейін толық аяқталады. Ақкөл тұрғындары партиялықтарға жедел шешім қабылдап, көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.