Карантин режимін жеңілдету: Алматы қаласының ішіндегі посттар алынып тасталды

Алматы Полиция департаменті қала ішінде орналастырылған тосқауыл (фильтрация) посттарын алып тастады, деп жазды ҚазАқпарат.

Бұл карантиндік режимнің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысандардың жұмысын қайта қалпына келтіруге байланысты болып отыр.

Қалалық полиция басым ресурсын азаматтардың көп шоғырланған жерлеріндегі (кішігірім саябақтар, алаңдар) тәртіп пен карантин режимін сақтауды бақылауға бағыттамақ. Сондай-ақ, бұл қызметкерлер жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысады.

Полиция жеке қауіпсіздік үшін карантиндік ережелер мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын ескертеді. 30 наурызда Алматы полициясы қаланың ішінде 26 полиция бекетін ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған болатын. Төтенше жағдайдың режимін қасақана бұзған автокөлік иелері әкімшілік жауапқа тартылған болатын.

Back to top button