Мақтааралдың 31 мыңнан астам тұрғыны эвакуацияланды

Мақтааралдың 31 мыңнан астам тұрғыны эвакуацияланды

Мақтааралдың 31 мыңнан астам тұрғыны эвакуацияланды
ашық дереккөзі
Мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінен 2 мамырдан бастап 31 606 адам эвакуацияланған. 4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй), Өргебас (194 үй), Достық (11 үй) ауылдарында жалпы саны 631 үй су астында қалды. Атакент елдімекенінде 24 эвакуациялық бөлім құрылып, жұмыс жүргізуде. Апаттан құтқару жұмыстарына жалпы саны 986 адам, 4 қайық, 180 дана техника тартылған. Полиция тарапынан Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Нұрлыжол, Иіржар елдімекендерінде бір, Т.Жайлыбаев ауылында екі блок-бекет құрылып, оның жалпы саны 7-ге жетті. Сонымен қатар 3 115 ірі қара мал, 1 101 ұсақ мал, 585 жылқы, 34 түйе Келес ауданы, Қызыләскер ауылына жеткізілді. Бұдан бөлек, 1 797 ірі қара мал, 6 029 ұсақ мал, 689 жылқы, 381 түйе, 165 шошқа Мақтарал ауданындағы су басу қаупі жоқ жерге жеткізілді.