Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
Ақорда сайтында жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында: «Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын», – делінген.
Сәйкесінше, Аида Балаева ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
«Мемлекет Басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды», – делінген Ақорда сайтында.