Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Ақорда сайтында жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында: «Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын», – делінген. Сәйкесінше, Аида Балаева ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. «Мемлекет Басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды», – делінген Ақорда сайтында.