Польша пошта арқылы президенттік сайлау өткізуге дайындалуда

Польша пошта арқылы президенттік сайлау жүргізуге дайындалуда, – деп хабарлайды euronews.com.

Оппозицияның және құқық қорғаушылардың шақыруына қарамастан Польша үкіметі коронавирус пандемиясы жағдайында 10 мамырда пошта арқылы өткізілуі белгіленген президенттік сайлау күнін ауыстырудан бас тартты.

Бақылаушылар қазіргі президент Анджей Дуданы сайлаушылардың шамамен 60% қолдауға дайын екендігін атап өтеді. Мемлекет басшысы лауазымына алты кандидат үміткер болып отыр.

«Құқық және Әділеттік» басқарушы партия көшбасшысы Ярослав Качиньскийдің тапсырмасы бойынша дайындалған пошта арқылы дауыс беру рәсімін Польша сеймі сәуір айының басында мақұлдаған еді. Таяу арада қашықтан дауыс беру туралы заң жобасын сенат қарауы тиіс.

Польшаның премьер-министрі Матеуш Моравецкий сырттай дауыс берудің қауіпсіз екендігі туралы мәлімдеді және сенаторларды осы ұсынысты қолдауға шақырды.

Пошта арқылы дауыс беруге елдің бірқатар бұрынғы президенттері мен премьерлері, соның ішінде Дональд Туск қарсы екенін мәлім етті.

Ал Еурокомиссия Польшада сайлаудың еркін және әділ өтуін күтетіндігі атап өткен. Дегенмен соңғы әлеуметтік сауалнамалардың деректеріне қарағанда, егер сайлау 10 мамырда өткізілетін болса, онда сайлаушылардың 30% кемі ғана дауыс беруге дайын екендігін көрсетіп отыр.

Back to top button