Жаңалықтар

Мақтааралға алғашқы гуманитарлық көмек келді

ашық дереккөзі

Мақтааралға алғашқы гуманитарлық көмек келді

Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданына 30 тоннадан аса азық-түлік тиелген гуманитарлық көмек келді. Жамбылдық кәсіпкерлер 10 тонна ұн, 10 тонна күріш, 5 тонна қант, 1 тонна гречка, 2 тонна сұйық май, 2 тонна макарон өнімдері мен 5 тонна гигиеналық заттар жөнелткен. Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынының салдарынан қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға қолдау білдіреміз деушілер үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры жұмыс істейді. Қайырымдылықты аталмыш қордың есеп шоттарына да аударуға болады.