Мақтааралға алғашқы гуманитарлық көмек келді

Мақтааралға алғашқы гуманитарлық көмек келді

Мақтааралға алғашқы гуманитарлық көмек келді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданына 30 тоннадан аса азық-түлік тиелген гуманитарлық көмек келді. Жамбылдық кәсіпкерлер 10 тонна ұн, 10 тонна күріш, 5 тонна қант, 1 тонна гречка, 2 тонна сұйық май, 2 тонна макарон өнімдері мен 5 тонна гигиеналық заттар жөнелткен.  width= Бас-аяғы 10 миллион теңгеден астам демеушілердің есебінен жиналған көмек бүгін қызыл судан зардап шеккен азаматтарға үлестірілетін болады. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календияров сарқын судан жапа шеккен мақтааралдықтарға көмек мұнымен  тоқтап қалмайтынын айтты.  width= Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынының салдарынан қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға қолдау білдіреміз деушілер үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры жұмыс істейді. Қайырымдылықты аталмыш қордың есеп шоттарына да аударуға болады.