Түркістан облысында үш жасар қыз адасып, блокпостқа дейін жеткен

Түркістан облысында үш жасар қыз адасып, блокпостқа дейін жеткен

Түркістан облысында үш жасар қыз адасып, блокпостқа дейін жеткен
ашық дереккөзі
Түркістан облысына қарасты Арыс ауданында 3 жасар бүлдіршін адасып, полицейлер тұрған блокпостқа дейін жеткен. Облыстық ПД мәліметінше, Монтайтас бекетінде төтенше жағдай режимін сақтау бойынша қызмет атқарып тұрған полиция қызметкерлері жолда жылап жүрген кішкентай қызды байқап қалған. Учаскелік инспектор Батыржан Салыбаев пен өзге полиция қызметкерлері қызды өздерінің шатырларына апарып, дәрігерлерге тапсырған. Сөйтіп өздері оның ата-анасын іздеуге шыққан. Кішкентай қыздан ата-анасы туралы еш ақпарат ала алмаған. Жақын маңдағы барлық көшелер мен үйлерді аралап, баланың мекен жайын іздеген. Осы уақытта жоғалып қалған қызын іздеген Арыс қаласының тұрғыны блокпостқа келген. Оның сөзінше, үйі 300-400 метр қашықтықта орналасқан. Мектеп жасындағы балаларымен сабақ оқып отырған кезінде кішкентай қызы үйден шығып кеткен. Оның жоғалып қалғанын білген кезде, жабылып іздеуге кіріскен. Кейін учаскелік инспектор Б.Салыбаев бүлдіршінді анасына тапсырды.