COVID-19: Алматыда соңғы екі күнде 25 медицина қызметкері жазылып шықты

COVID-19: Алматыда соңғы екі күнде 25 медицина қызметкері жазылып шықты

COVID-19: Алматыда соңғы екі күнде 25 медицина қызметкері жазылып шықты
ашық дереккөзі
Алматыда соңғы екі күнде коронавирус инфекциясынан жазылған 47 адам ауруханадан шығарылды, – деп жазды ҚазАқпарат тілшісі. Жазылып шыққандар қатарында Орталық қалалық клиникалық аурухананың 9 медицина қызметкері мен вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 8 адам бар. Ал кеше Орталық қалалық клиникалық аурухананың 15 медицина қызметкері, 1 санитарлық дәрігер, жеті жасар 2 бала, №17 қалалық емхананың 1 медицина қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 11 адам жазылып шыққан болатын. Осы уақытқа дейін Алматыда 159 адам сауығып шықты.