Семейде отбасылық басқосу кезінде 7 адам коронавирус жұқтырған

Семейде отбасылық басқосу кезінде 7 адам коронавирус жұқтырған

Семейде отбасылық басқосу кезінде 7 адам коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
Семей қаласында отбасылық басқосу кезінде 7 адам коронавирус жұқтырып алған. Оның ішінде 3 жасар бала бар. «Бүгінгі таңда елімізде шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетіле бастады. Бірақ, өкінішке қарай бұл коронавирус инфекциясының таралу қаупі жоқ дегенді білдірмейді. Мұның айқын дәлелі ретінде Семей қаласындағы жағдайды айтуға болады. Отбасылық басқосу кезінде жеті адам жұқпалы індетке шалдыққан. Оның ішінде үш жасар бала бар. Шектеу шараларының жеңілдетілуі бізді басқалар алдындағы жауапкершіліктен босатпайтынын түсінуіміз керек», – делінген Өскемен әкімдігінің Instagram парақшасында. Әкімдіктегілер ауа-райының жылынуына қарамастан адам көп жиналатын шараларға бармауға шақырды. «Жерлестерімізді инфекцияның таралуына қарсы бірлесе күресуге үндейміз. Мерекелік басқосулар мен отырыстардан уақытша бас тартыңыз. Қазір әрқайсымызда үлкен жауапкершілік жатыр. Тек ортақ күш-жігердің арқасында біз бір-біріміздің өмірімізді сақтай аламыз!», – делінген хабарламада.