Мақтаарал халқына көмектесу үшін арнайы қор ашылды

3 мамыр, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Мақтаарал халқына көмектесу үшін арнайы қор ашылды Түркістан облысының әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдықтарға көмектесу үшін арнайы қор ашылғанын хабарлайды. «Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай жарияланған төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік желіде Мақтаарал тұрғындарына көмек көрсету бойынша жалған қорлар құрылып, қаржы жиналып жатыр. Бұл фактімен Ішкі істер департаменті айналысуда. Қиын жағдайға ұшыраған мақтааралдықтарға қолдау білдіруші қайырымды азаматтар үшін төмендегідей қордың жұмыс істейтіндігін хабарлаймыз», – делінген хабарламада. «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры: