Мақтаарал: 620 үйге зақым келіп, 7 мыңдай адам эвакуацияланған

Мақтаарал: 620 үйге зақым келіп, 7 мыңдай адам эвакуацияланған

Мақтаарал: 620 үйге зақым келіп, 7 мыңдай адам эвакуацияланған
ашық дереккөзі
Түркістан облысы әкімдігі қазіргі таңда Мақтаарал ауданының 4 елдімекені су астында қалғанын хабарлады. Атап айтқанда Жаңатұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) ауылдарын су басқан. Жалпы 620 үйге зақым келген. Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған.  width= Бүгінгі күні бұл орындарға 7000-ға адам орналасқан. Эвакуациялық бөлімдерде тұрғындарды 120 медицина қызметкері тексеруден өткізіп жатыр. Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елді мекендеріне 5 блокпост қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.  width= Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы Қоғалы елді мекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған. «Жағдай тұрақты бақылауда, барлық қажетті көмек уақтылы көрсетіліп жатыр» деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметі.  width=