Медициналық маскалар сақталған қойма өртеніп кетті

Медициналық маскалар сақталған қойма өртеніп кетті

Медициналық маскалар сақталған қойма өртеніп кетті
ашық дереккөзі
Сенбі күні түнде Париж маңында орналасқан Бобиньи қаласындағы қоймалар өртеніп, тілсіз жауды ауыздықтауға 150-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған. Le Parisien газетіне сілтеме жасаған ҚазАқпараттың жазбасында, қоймалардың бірінде медициналық маскалар болған. Әзірге өртенген маскалар саны да, келтірілген шығын сомасы да хабарланбай отыр. Белгілісі, өрт шамамен жергілікті уақыт бойынша сағат 05:00-те маскалар қоймасында басталып, кейін өзге ғимараттарды шарпыған. Бұл аумақта негізінен Азиядан әкелінетін көтерме сауда дүкендерінің өнімдері сақталатын болған. Алдын ала деректерге қарағанда, зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау бірнеше сағаттан кейін ауыздықталған. Өрттің шығу себептері әлі анықталған жоқ, полиция әдейі өртеу мүмкіндігін жоққа шығармай отыр.