Мақтаарал: су басқан аймаққа кіру мүмкін емес – Төтенше жағдай

Мақтаарал: су басқан аймаққа кіру мүмкін емес – Төтенше жағдай

Мақтаарал: су басқан аймаққа кіру мүмкін емес – Төтенше жағдай
ашық дереккөзі
Мақтаарал ауданындағы су тасқыны болған аймақтардағы шығын көлемін нақты анықтау әзірге мүмкін болмай отыр. Төтенше жағдай мамандары су басқан аймаққа кіру мүмкін еместігін айтады. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде су тасқыны кезінде Жаңа жол мен Еңбекші ауылдық округтеріндегі 3 елдімекенде 1682 гектар ауыл шаруашылығы дақылдары зардап шекені анықталып отыр. Алдын ала болжам бойынша 181,1 млн теңгенің шығыны есептелген. Атап айтқанда, 1480 гектар мақта – 148 млн теңгеге, 42 гектар жоңышқа – 2,1 млн, 150 гектар бақша – 30 млн, 10 гектар жүгері – 1 млн теңгелік шығынға ұшарады деп болжануда.  width= Сондай-ақ, аталған 4 елдімекенде 5 335 мал басы тіркеліп, оның ішінде 799 мал басы зардап шегіп, 249 млн шығынға ұшараған. Оның ішінде ірі қара 328 бас, ұсақ мал – 361, жылқы – 53, түйе – 57. Мақтааралдан – 46, Жетісайдан – 10, Шардарадан – 5, барлығы 61 ветеринар дәрігер Жантақсай, Фердоуси елді мекендеріндегі 3 686 малды эвакуациялау жұмысын толық аяқтады. Дегенмен су басып қалған аймақтарда қанша малдың суға кеткенін нақты анықтау әзірге мүмкін болмай отыр. Төтенше жағдай мамандары су басқан аймаққа кіру мүмкін еместігін айтады.  width= Мамандардың айтуынша, бұзылған дамбадан келіп жатқан қашыртпа судың көлемі азаймай тұр. Сол себепті төтенше жағдай саласының мамандары су басқан ауылдардағы су деңгейінің нақты қандай деңгейге көтерілгеніне көз жеткізу үшін тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізуге кіріскен. Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысындағы елдімекенді су басты. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған.  width= Кеше Мақтааралдағы орталық коллектордан су сыртқа жайылып, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кетті. Облыстық маңызы бар «Мырзакент – Жеңіс – Жаңа тұрмыс» автомобиль жолын су басып, көлік жүре алмайды. Мақтаарал ауданының орталығынан бір түнде 12 мыңдай адам эвакуацияланды. Төрт ауылдан 5400 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Сондай-ақ Түркістан облысында су тасқыны қаупі төнген 3 ауылдың халқы эвакуацияланып жатыр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев халықты сабырға шақырып, төтенше жағдайды реттеуге аймақтың толық мүмкіндігі бар екенін айтты.