Мақтаарал ауданының орталығынан бір түнде 12 мыңдай адам эвакуацияланды

Мақтаарал ауданының орталығынан бір түнде 12 мыңдай адам эвакуацияланды

Мақтаарал ауданының орталығынан бір түнде 12 мыңдай адам эвакуацияланды
ашық дереккөзі
Төтенше жағдай қалыптасқан Мақтаарал ауданының орталығынан бір түнде 12 мыңдай адам көшірілген. Мырзакентке сарқынды судан қауіп төнгендіктен билік осындай қадамға барып, тұрғындар түнімен Атакент кентіне тасымалданды, – деп жазды ҚазАқпарат.  width= Облыс әкімдігінің мәліметінше, халықтың көшуін қамтамасыз ету мақсатында 68 автобус бөлінген. Атакенттегі оқшаулау орындарына жеткізілген тұрғындарға қажетті көмек көрсетілуде. Ең алдымен оқшаулау орындарына барған тұрғындар есік алдындағы медицина мамандарының арнайы блокпостына тіркелуде, олардың коронавирус індетін анықтау құрылғысымен дене температурасы тексерілді. Содан кейін ғана оқшаулау орындарына жіберілген.  width= Айта кетейік, кеше түске дейін Мақтаарал ауданында орын алған жағдайға байланысты 2243 азамат қауіпсіз аймаққа көшірілсе, түстен кейін су басу қаупі басым болған Нұрлы жол мен Фредауси ауылдарынан 415 үйдің 3200-ден астам тұрғыны қауіпсіз аймаққа шығарылды. Ал, түнгі сағат 23:00-де Мырзакент кентінің тұрғындарын көшіру жұмыстары басталып кетті. Себебі, сарқынды су Мырзакент кентінің іргесіне жақындап қалған болатын. «Арнайы штаб келісімімен халықты көшіру туралы шешім қабылданды. Төтенше жағдайға байланысты ауданда 18 эвакуациялық орындар нақтыланып, олар Атакент, Мақтарал, Жамбыл елдімекендерінде әзірленді. Апаттан құтқару жұмыстарына 630 адам мен 2 су көлігі және 56 техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда қауіпті аймақтағы азаматтар мен үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіру шаралары ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстарға Келес, Жетісай, Шардара, Сарыағаш аудандарының әкімдіктері атсалысып жатыр. Десек те, ауданда су басып қалу қаупі бар ауылдар да әлі де аз емес. Солардың бірі – Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Фердоуси елдімекені. Қазіргі таңда ауыл ортасындағы «Фердоуси» жалпы орта мектебінің аумағына су көтерілген» делінген хабарламада. width= Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысындағы елдімекенді су басты. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған. Кеше Мақтааралдағы орталық коллектордан су сыртқа жайылып, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кетті. Облыстық маңызы бар «Мырзакент – Жеңіс – Жаңа тұрмыс» автомобиль жолын су басып, көлік жүре алмай жатыр. Төрт ауылдан 5400 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Сондай-ақ Түркістан облысында су тасқыны қаупі төнген 3 ауылдың халқы эвакуацияланып жатыр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев халықты сабырға шақырып, төтенше жағдайды реттеуге аймақтың толық мүмкіндігі бар екенін айтты.