Мақтаарал ауданында тағы бір ауылды су басты

Мақтаарал ауданында тағы бір ауылды су басты

Мақтаарал ауданында тағы бір ауылды су басты
ашық дереккөзі
Мақтаарал ауданындағы Өргебас елдімекенін су басты. Бұл туралы облыс әкімдігі шұғыл мәлімет таратты, – деп жазды ҚазАқпарат. «Бүгін таңғы 05.00-тен бастап 250 үйі суға батқан Фердоуси ауылы бағытынан Жаңажол ауылдық округінің Өргебас елдімекеніне қарай су келе бастады. Екі ауылдың ара қашықтығы – 3 шақырым. Таңғы 8.00-де су Өргебас елді мекенінің 194 үйін басып қалды. Ауылдың 1451 тұрғыны эвакуацияланды. Көшіру барысында зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада. Айта кетейік, төтенше жағдай қалыптасқан Мақтаарал ауданында су деңгейінің төмендейтін түрі жоқ. Қайта су басқан ауылдар саны көбейіп барады. Бастапқыда төрт елдімекеннің халқы қауіпсіз жерге көшірілсе, түнде аудан орталығынан 12 мыңдай адам эвакуацияланған.